Енді азаматтық алу үшін Америкаға барып, бала туу қиындай түседі

Енді АҚШ азаматтығын алу үшін сол елге барып бала туу деген дүние азая түседі. Президент Дональд Трамп арнайы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақ үйдегі әкімшілік аппараты хабарлады.
Билік өкілдерінің түсіндіруінше, енді туа сала азаматтық алу құқығына ие болатын тұлғалар тізімі қысқарған. АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін шетелдіктер, шетелдік террорлық ұйымдар мен шетел мүддесі үшін жұмыс істейді деп саналған тұлғалар бұл тізімге енбейді.
Жаңа жарлық АҚШ-қа «бала босанып, оған бірден америкалық азаматтық алып беру үшін» баратын туристерге алғаш рет толықтай тыйым салады. Ақ үйдің ойынша, бұл шешім заңды айналып өтіп, себепсіз АҚШ паспортын алатындардың жолын кеседі. Ақ үй әкімшілік аппаратының өкілі Стивен Миллер бұл өзгерісті өте маңызды әрі тарихи қадам деп атады.
Соңғы жылдары Трамп әкімшілігі АҚШ-қа шетелдіктердің кіруін барынша қиындатып жатыр. Жыл басында Ақ үй 75 елдің азаматына виза беруді тоқтататынын хабарлаған еді. Ал көктемде грин-карта ойнатудың ережесін де өзгертті.