FlyArystan Алматы мен Павлодар арасында қатынайтын рейс ашады

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Қазақстанның екі ірі қаласы арасында жолаушы ұшағы қатынайды / Фото: Shutterstock

FlyArystan әуекомпаниясы 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Алматы – Павлодар – Алматы бағыты бойынша рейстердің қайта орындала бастайтынын хабарлайды.

Әуе компаниясы мәліметінше, рейстер күн сайын орындалып, жолаушыларға Алматы мен Павлодар қалалары арасында ыңғайлы әрі тұрақты әуе қатынасын қамтамасыз етеді.

«Рейстердің қайта іске қосылуы екі қаланың тұрғындары мен қонақтарына іскерлік сапарлар, саяхаттар және туған-туыстары мен жақындарына бару үшін тікелей әуе қатынасын қайта пайдалануға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді FlyArystan.

Шілденің басында әуе компаниясы Үргенішке 37 000 теңгеден тұратын билет ұсынып, науқан жариялаған.

Сондай-ақ оқыңыз