«Қайрат» – «Левски» матчына Германиядан атақты төреші тағайындалды

Еуропалық футбол ассоциацияларының одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының квалификациясы аясында өтетін «Қайраттың» қарымта кездесуіне төрешілер бригадасын бекітті. Түркістанда өтетін жауапты матчта германиялық белгілі арбитр Даниэль Зиберт қазылық етеді.
Зиберт – Еуропадағы ең білікті әрі тәжірибелі реферилердің бірі. Ол өткен маусымда ПСЖ мен Арсенал арасындағы финалды, сондай-ақ, чемпиондар лигасының 10 матчын басқарған.
Алғашқы ойында «Қайрат» Софияда «Левскиге» 0:1 есебімен есе жіберген болатын. Енді алматылық ұжым өз жанкүйерлерінің алдында есе қайтаруға мүмкіндік алады.
Дегенмен, матч Алматыдағы 23 мың жанкүйер сыятын Орталық стадионда емес, Түркістандағы 7 мың орындық аренада өтеді. Алматыдағы стадионда 14 тамыз күні өтетін Канье Уэсттің концертіне дайындық жұмыстары басталып кеткен.