Танымал әнші Кенжебек Жанәбілов жансақтау бөліміне түсіп қалды
Жарияланды

«МузАРТ» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов жүрегіндегі ақауға байланысты жансақтау бөліміне түсіп қалды.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Өнер иесінің айтуынша, оның жүрек қан тамырлары бітеліп қалған. Ауруханаға түсуіне байланысты әнші Шымкентте жоспарланған концертке қатыса алмайды.
«Бүгін мен Шымкенттегі концертте өнер көрсетуім керек еді, бірақ жүрегімнің қан тамырлары бітеліп қалды. Мені жансақтау бөлімінен әдеттегі палатаға ауыстырды», – деді Жанәбілов.
Ол өзіне алғашқы медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын білдірді. Әнші қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты.
Тыңдармандары мен әріптестері Кенжебек Жанәбіловке тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр.