Зумерлер таңдауы: 2026 жылдың ең үздік қалалары таңдалды

Time Out журналы 30-ға толмаған мыңдаған жастың арасында сауалнама жүргізіп, әлемнің ең үздік қаласын таңдаған. Көш басында Жапония астанасы Токио тұр.
Жас буын Токио өмір сүру үшін ең жайлы қала деп тапқан. Мұнда инфрақұрылым дамыған, қоғамдық көлік жақсы жүреді, мәдени өмірге бай, көңіл көтеретін орындар да көп. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің барлығы дерлік Токиода күнделікті өмірдің өзі бақыт сыйлайды деп есептейді.
Рейтингтегі екінші орында – Португалиядағы Порту қаласы. Жастар бұл орынды ең әдемі қала деп бағалады. Ал үштікті Мелбурн қорытындылайды. Зумерлер Мельбурнның гастрономиясы мен мәдени өміріне жоғары балл қойды.
Зумерлер сондай-ақ Эдинбург (Шотландия), Шанхай (Қытай), Нью-Йорк (АҚШ), Берлин (Германия), Бангкокты да (Таиланд) ең үздік қалалар тізіміне жатқызды.
Зумерлер (немесе Z буыны / Gen Z) – шамамен 1997–2012 жылдар аралығында дүниеге келген адамдар. Олар қазір 14-29 жас аралығында, қоғамдағы жас буын саналады.
Оқи отырыңыз: Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат қала атанды