«Челси» – JDT: Дастан Сәтбаев матчтың 1-таймын орындықта өткізді

«Челси» футбол клубының бас бапкері Хаби Алонсо 17 жастағы Дастан Сәтбаевты Малайзия чемпионы – «Джохор Дарул Такзимге» (JDT) қарсы матчтың алғашқы таймына шығарған жоқ.
Жолдастық кездесу Искандар Путери қаласындағы «Сұлтан Ибрагим» стадионында өтіп жатыр. Алғашқы тайм 1:1 есебімен тең аяқталды. Есепті алаң иелері ойынның 14 минутында ашты: шабуылшы Ариф Айман мергендігімен танылды. Ал 42 минутта Делап пенальтиді дәл орындап, есепті теңестірді.
Дастан Сәтбаев алғашқы 45 минутты орындықта өткізді. Қазақ футболшысын бас бапкер «Челсидің» Азиядағы турындағы ең соңғы жолдастық матчына әлі шығарған жоқ.
Айта кетейік, Сәтбаев клубтың Азия және Австралияға турындағы жалғыз ойында ғана матч басында алаңға шықты. Жас футболшы «Сиднейге» қарсы кездесудің жетінші минутында-ақ гол соқты. Алонсо одан кейінгі матчтарда Дастанды екінші таймда ғана алаңға шығарып жүрді. Ал бір күн бұрын қазақ футболшысы «Миланға» қарсы ойынды сырттай – орындықта тамашалауға мәжбүр болды.
Бас бапкердің Сәтбаевты екінші таймда ойынға қосар-қоспасы әзірге белгісіз.
17 жастағы Дастан Сәтбаев 18 тамызда кәмелет жасқа толады. Сол күні «Челси» жаңа ойыншыны ресми түрде таныстыруы тиіс.