Самат Смақов «Атырау» клубының бас бапкері атанды

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Самат Смақов «Атырау» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Атыраулық команда осы жаңалықты Instagram-дағы парағына жариялады.
«Жаңа бас бапкерімізге сәттілік, толағай табыс және «Атыраумен» жарқын жеңістер тілейміз», – деп жазды клуб ұжымы.
Смақов бұған дейін «Ордабасы» клубының жаттықтырушылар штабында қызмет атқарып, «Елімай» командасын басқарды. Семейлік клуб соның жетекшілігімен Премьер-Лигаға жолдама алды. Кейін «Астана» клубында техникалық директор қызметін атқарып, «Жетісудың» бас бапкері болды.
Смақов Қазақстан футболының дамуына көп еңбек сіңірді. Ол ұлттық құрама сапында 76 кездесу өткізіп, елдің алты дүркін чемпионы атанды. Смақовтың төрт мәрте Қазақстанның үздік футболшысы деп таныды.
«Атырау» клубы қазір Премьер-лиганың 13-орнында тұр. Команда 19 матчта 19 ұпай жинаған.