Лионель Месси әкесін жерлеу рәсімін суретке түсіріп, таратқандарды сотқа бермек
Жарияланды

2026 жылы 9 тамызда Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әкесі Хорхемен қоштасты.
Қоштасу рәсімі футболшының туған жері Росарио қаласында жабық форматта өтті. Яғни оған туыстары мен жақын достары ғана қатысқан.
Clarin хабарлауынша, Хорхе Месси ұзақ уақытқа созылған аурудан 7 тамызда 69 жасқа қараған шағында қайтыс болған.
Жерлеу кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, аумақта көптеген күзет қызметкері болған.
Аргентиналық БАҚ-тар қоштасу рәсімін жасырын фотоларға түсіріп, таратқан. Бұл Мессидің ашуына тиген. Сhampionat жазуынша, аңыз футболшы отбасының жеке өміріне қол сұқты деп есептеп, БАҚ өкілдерін сотқа бермек.
Мұның алдында Лионель Месси Аргентина құрамасы сапындағы мәнсабын аяқтайтыны хабарланды.