
Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқан өзінің шығармашылық жолында жаңа белесті бағындырмақ. Ол осы жазда «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсіріп жатқан тың телехикаяға шақыру алып, бағын сынауға бел буды.
Түсірілім жұмыстары Алматы қаласында өтіп жатыр. Ақпаратқа сәйкес, бұл жоба – отбасылық құндылықтар мен өмірдің маңызды сәттерін арқау ететін, көрерменге жылылық пен ерекше көңіл-күй сыйлайтын туынды болмақ.
«Осы жаздың ерекше жаңалығы – сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине, бірден қабыл алдым! Бұл жобаға өз үлесімді қосып, түсірілім барысының бір бөлігі болу мен үшін үлкен қуаныш. Әр түсірілімнің артында маңдай тер, үлкен еңбек, ізденіс және ұжымға деген сенім жатыр. Туындының көрермен жүрегінен орын табатынына сенемін». – деп жазды Мөлдір Мұқан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқан үш баласына бірдей той жасаған еді.