Қытайда соңғы алты айда робот жасайтын 116 мың жаңа кәсіпорын тіркелді

2026 жылдың алғашқы жартысында Қытайда гуманоид роботтар саласында 116 мың жаңа кәсіпорын тіркелді.
Синьхуа агенттігі хабарлауынша, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға көп. Бұл туралы сенбі күні Қытай Халық Республикасының Нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы хабарлады.
Аталған ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы алты айында Қытайда жаңа салалар мен жаңа даму бағыттарына қатысты кәсіпорындар саны тұрақты түрде өскен.
Бірқатар озық бағыттарда айтарлықтай өсім байқалды. Атап айтқанда, генеративті жасанды интеллект саласында 55 мың жаңа кәсіпорын тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға көп. Ал гуманоид роботтар саласында жаңадан тіркелген кәсіпорындар саны 116 мыңға жеткен.
Айта кетейік, Қытай гуманоид роботтарды әзірлеу бойынша әлемде көш бастап келеді. ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы жартысында Қытайда 400-ден астам толыққанды гуманоид робот моделі әзірленген. Бұл – әлем бойынша жасалған осындай роботтардың жалпы санының жартысынан астамы.
Айта кететін жайт, Астанада робот-курьерлер тапсырысты тегін жеткізіп жүр.