ШҚО-да полицейлер дрон көмегімен жоғалған 12 жылқыны тапты

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
ШҚО-да полицейлер дрон көмегімен жоғалған 12 жылқыны тапты / Фото: Дина Гаррет

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында полицейлер дронның көмегімен 12 жылқыны тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аумақтың үлкен болуы және жер бедерінің өтуі қиындығы іздеуді күрделенді. Жергілікті жерді тексеру үшін полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланды. Ол ауқымды учаскені жылдам қарап шығуға және үйірдің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік берді.

Жылқылар жайылып жүрген жерінен 27 шақырым қашықтықта табылып, иесіне қайтарылды.

Полиция дронды қолдану іздеу уақытын қысқартуға және ашық әрі өтуі қиын жерлерде жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне олардың жайылымын бақылау қажеттілігі туралы ескертілді. Ведомствода малдың бақылаусыз жүруі оның жоғалуына ғана емес, сонымен бірге жол қозғалысы қауіпсіздігіне де қатер төндіруі мүмкін екенін баса айтты.

Айта кететін жайт, бұған дейін қазақстандық курсант дұшпан дрондарын бұғаттайтын құрылғы ойлап тапқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз