
Ақтау – Маңғышлақ автожолында үш көліктің қатысуымен апат болды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Sequoia жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, екі автокөлікпен – Toyota Camry және Lada Granta-мен соқтығысқан.
Апат салдарынан Toyota Camry маркалы автокөліктің 23 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Көлік құралдары мамандандырылған айып тұрағына қойылды», – делінген хабарламада.
Полициядағылар жүргізушілерді жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға, қауіпті маневрлер жасамауға және жол жағдайын ескере отырып жылдамдықты таңдауға шақырды.
Айта кетейік, осыған дейін Ақмола облысында жол апатынын шетелдік ерлі-зайыпты қаза тапқаны туралы жазған едік.