Армения ҰҚШҰ-ға қайта оралмайды

Армения бірнеше жыл бұрын шығып кеткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) қайта оралуды көздемейді.
Armenpress ақпаратына қарағанда, бұл туралы Армения парламентіндегі «Азаматтық келісім» фракциясының депутаты Саргис Ханданян журналистерге арналған брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды.
Ол Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузиннің Арменияның ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылуы мәселесі 11 қарашада өтетін ұйым саммитінде талқылануы мүмкін деген мәлімдемесіне пікір білдірді.
«Біздің ҰҚШҰ-дағы қатысуымызды қайта жандандыруға мәжбүрлейтін ешқандай себеп немесе жағдай жоқ. Арменияның ұйымдағы қатысуын қандай мәселелерге байланысты тоқтатқанын білесіздер. Бұл мәселелер әлі де шешілген жоқ. 2022-2023 жылдары Арменияның егемен аумағында болған жағдайды айыптаған саяси деңгейдегі бірде-бір мәлімдемені де көрген жоқпыз», – деді Ханданян.
Депутат бұл сөзінде 2022-2023 жылдары Әзербайжан мен Армения арасындағы қарулы қақтығысты меңзеді.
Ел премьер-министрі Никол Пашинян сөзінше, ҰҚШҰ Армения алдындағы қауіпсіздік саласындағы міндеттемелерін орындамаған.