«Бәйтерек» холдингі басшыларына 440 млн теңге сыйақы төлеген
Жарияланды

«Бәйтерек» холдингінің басшыларына 2025 жылы 440 млн теңге сыйақы төленген. Бұл туралы холдингтің қаржы есептілігі депозитарийіндегі хабарламасында жазылған.
Жалпы 440 млн теңге холдингтің басқарма құрамындағы 7 адам арасында бөлінген. «Бәйтеректің» басқарма құрамында Рүстем Қарағойшин, Нұрболат Айдапкелов, Ерсайын Хамитов, Ғалым Үсен, Вячеслав Сон, Жандос Шайхы мен Тимур Онжанов бар.
«Бәйтерек» холдингі 2025 жылы 410 млрд теңге таза пайда тапқан.
Холдингтің жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі. Компания ел экономикасының негізгі секторлары: өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен және тұрғын үй құрылысын қаржылай қолдайды.