«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Kursiv.media

Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының квалификациялық кезеңіндегі сапарын аяқтады.

Алматылықтар өз алаңындағы кездесуді Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткізді. 

Болгарияның «Левски» ұжымына қарсы өткен қарымта матчта да «Қайрат» 0:1 есебімен жол берді. Бұған дейінгі алғашқы ойында да болгар клубы дәл осы 0:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

13-минутта Эвертон Баланың пасынан кейін «Левски» футболшысы Рейналдо матчтағы жалғыз әрі шешуші голды соқты. 

Алда – Еуропа лигасының плей-офф кезеңі

Чемпиондар лигасынан шығып қалғанына қарамастан, «Қайраттың еурокубоктардағы жорығы әлі аяқталған жоқ. Алматылық клуб енді УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Бұл кезеңде «Қайраттың» қарсыласы бельгиялық «Андерлехт» пен грекиялық «ПАОК» жуптарының жеңімпазы болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз