
Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының квалификациялық кезеңіндегі сапарын аяқтады.
Алматылықтар өз алаңындағы кездесуді Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткізді.
Болгарияның «Левски» ұжымына қарсы өткен қарымта матчта да «Қайрат» 0:1 есебімен жол берді. Бұған дейінгі алғашқы ойында да болгар клубы дәл осы 0:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
13-минутта Эвертон Баланың пасынан кейін «Левски» футболшысы Рейналдо матчтағы жалғыз әрі шешуші голды соқты.
Алда – Еуропа лигасының плей-офф кезеңі
Чемпиондар лигасынан шығып қалғанына қарамастан, «Қайраттың еурокубоктардағы жорығы әлі аяқталған жоқ. Алматылық клуб енді УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Бұл кезеңде «Қайраттың» қарсыласы бельгиялық «Андерлехт» пен грекиялық «ПАОК» жуптарының жеңімпазы болмақ.