«Қайрат» – «Левски» матчын қайдан көруге болады

Сейсенбі, 11 тамыз күні алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында болгариялық «Левскиге» қарсы қарымта матч өткізеді.
Бұл маңызды кездесу Алматыдағы Орталық стадионда американдық рэпер Канье Уэсттің концерті өтуіне байланысты Туркістан қаласына ауыстырылған болатын. Ойын Түркістанда жергілікті уақытпен сағат 20:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Софияда өткен алғашқы кездесуде Рафаэль Уразбахтин шәкірттері 0:1 есебімен жол берген еді. «Қайрат» өкілдері ойын соңына дейін жақсы қарсылық көрсеткенімен, кездесудің қосымша уақытында (90+2 минутта) алаң иелерінің ойыншысы Сержиньо гол соғып, «Левскиге» жеңіс сыйлады.
Бұл жұптың жеңімпазын алда тартысты кездесулер күтіп тұр: Жеңіске жеткен команда: Чемпиондар лигасының плей-офф раундында грекиялық АЕК клубымен кездеседі. Ал ұтылған ұжым Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түсіп, «Андерлехт» (Бельгия) — ПАОК (Грекия) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.