Қырғызстанда рөлі ауыстырылған көліктерді заңдастыру ұсынылды

Қырғызстанда рөлі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған көлік құралдарын заңдастыруға рұқсат беру ұсынылып отыр.
Бастама шетелдік тіркеудегі автокөліктерді заңдастырудың биылғы кезеңі аясында қарастырылуда. Заңдастыру 10 маусымда басталып, 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Қазіргі уақытта елде жеке мақсатта пайдаланылатын осындай 50-ге жуық автомобиль бар. Тіркеу үшін көлік құралдарына техникалық бағалау жүргізу мен қорытынды алу қажет.
Техникалық сараптаманы ҚР ИІМ ЖҚҚШББ «Техникалық бағыттағы орталық» МКӘ жүргізеді, оның нәтижелері бойынша көлік иелеріне техникалық жағдайы туралы қорытынды беріледі. Егер көлік құралы қауіпті деп танылса, тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
Айта кетейік, осыған дейін Қырғызстанда лицензиясыз жүрген такси жүргізушілеріне қарсы рейд басталғаны туралы жазған едік.