Шетел азаматы 70 мың долларды денесіне жапсырып өтпек болған

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: ҰҚК

Шетел азаматы 70 мың долларды денесіне жапсырып өтпек болған. Аталған жағдай Жамбыл облысындағы «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде болған деп хабарлайды ҰҚК.

Ол шамамен 32 млн теңгені денесіне, аяғына жапсырып, жасырын алып кетуге тырысқан. Қазір бұл факті бойынша процесcуалдық шешім қабылдау үшін материалдар құзыретті органға берілді.

Жалпы осы айдың он күнінде өткізу пункттерінде осындай 70 әрекет анықталды. Заң бұзушылардан 645 млн теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды.

Ескерте кетейік, заң бойынша республика аумағынан 10 мың доллардан аспайтын қаражатты қолма-қол ақша күйінде алып шығуға болады.

Оқи отырыңыз: Ел шекарасы арқылы 640 млн теңгені заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Сондай-ақ оқыңыз