Түркістан облысынан жарты жылда 20 мың адам көшіп кеткен

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Түркістаннан халық көшуде / фото: ЖИ көмегімен жасалды

2026 жылдың алғашқы алты айында Түркістан облысынан 57,6 мың адам басқа өңірлерге көшіп кеткен. Оның орнына 38 мыңға жуық адам ғана келген. Нәтижесінде облыс көші-қон есебінен 19,6 мың адамға азайып, Қазақстандағы ең үлкен теріс көрсеткішті тіркеді. Ал осы уақытта Астана мен Алматы, керісінше, ел ішіндегі көштің басты бағытына айналған.

Түркістаннан кейін Жамбыл мен Жетісу тұр

Түркістандағы көші-қон шығыны басқа өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Екінші орында тұрған Жамбыл облысында кеткендер келгендерден 9 180 адамға көп. Жетісу облысында теріс сальдо 5 704 адам, Қызылорда облысында 5 287 адам болды.

2026 · ҚАҢТАР–МАУСЫМ
Қазақстандағы өңіраралық көші-қон
Көші-қон сальдосы: келгендер мен кеткендердің айырмасы
ЕҢ ҮЛКЕН ХАЛЫҚ ШЫҒЫНЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
57 591 адам кетті · 37 971 адам келді
сальдо −19 620 адам
5 өңірде оң сальдо
15 өңірде теріс сальдо
436 255 өңіраралық көш
халық қосылды халық азайды
АСТАНА келді 89 853 · кетті 57 188
+32 665
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ келді 80 672 · кетті 65 182
+15 490
ШЫМКЕНТ келді 42 629 · кетті 36 152
+6 477
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ келді 57 591 · кетті 51 279
+6 312
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ келді 22 921 · кетті 20 345
+2 576
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ келді 5 755 · кетті 7 058
−1 303
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ келді 5 786 · кетті 7 345
−1 559
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ келді 4 041 · кетті 5 780
−1 739
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ келді 10 809 · кетті 12 709
−1 900
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ келді 6 504 · кетті 8 463
−1 959
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ келді 5 415 · кетті 7 376
−1 961
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ келді 7 760 · кетті 9 745
−1 985
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ келді 7 079 · кетті 9 455
−2 376
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ келді 6 036 · кетті 8 446
−2 410
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ келді 6 680 · кетті 9 281
−2 601
АБАЙ ОБЛЫСЫ келді 7 275 · кетті 11 211
−3 936
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ келді 7 877 · кетті 13 164
−5 287
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ келді 9 759 · кетті 15 463
−5 704
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ келді 13 842 · кетті 23 022
−9 180
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ келді 37 971 · кетті 57 591
−19 620
* Сальдо = келгендер саны − кеткендер саны
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Абай облысы да жарты жылда көші-қон есебінен 3 936 адамға азайған.

Жалпы 20 өңірдің 15-інде көші-қон сальдосы теріс болды. Яғни ел ішіндегі халық қозғалысы бірнеше ірі орталыққа қарай шоғырланып отыр.

Халық бас қалаға көшіп жатыр

Көші-қонның екінші жағында Астана тұр. Қаңтар–маусым аралығында елордаға басқа өңірлерден 89 853 адам келіп, 57 188 адам кеткен. Таза өсім – 32 665 адам.

Алматы қаласы да халық тартуды жалғастырды: қалаға 80 672 адам келіп, 65 182 адам кеткен. Нәтижесінде көші-қон өсімі 15 490 адамға жетті.

Оң сальдо Шымкентте +6 477 адам, Алматы облысында +6 312 адам, Ақмола облысында +2 576 адам болды.

Осылайша, 2026 жылдың алғашқы жартысында Қазақстандағы өңіраралық көші-қонның негізгі «магниттері» Астана, Алматы және Шымкент қалалары болып қалды. Ал Түркістан облысы, керісінше, басқа өңірлерге ең көп халық жіберген аймаққа айналды.

Айта кетейік, өңіраралық көші-қонда республика бойынша келгендер мен кеткендердің жалпы саны бірдей – 436 255 адам. Сондықтан бұл көрсеткіш елден кетуді емес, Қазақстан ішіндегі халықтың бір өңірден екіншісіне қоныс аударуын көрсетеді.

Тағы да оқыңыз: Қазақстанда қалаға көшу тренді қалыптасты.

Сондай-ақ оқыңыз