Вакцина аутизм тудыра ма: Трамп балаларға міндетті екпе санын қысқартты

Жарияланды 11 Тамыз 2026 09:25

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
Вакцина егу бала қызылша
Ғалымдар мұндай әрекетті қолдамайды / фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп балаларға міндетті түрде салынуға тиіс вакциналар санын 11-ге дейін қысқарту туралы жарлыққа қол қойды. Ақ үй басшысы екпе аутизм тудыруы мүмкін деп есептейді.

Екпе санын қысқарту жөніндегі бастаманы Құрама Штаттардың денсаулық сақтау министрі Роберт Кіші Кеннеди біраздан бері көтеріп жүр. Ол да міндетті вакциналар елде аутизм диагнозы қойылған балаларды көбейтіп жіберді деп есептейді. Алайда ғалымдар мұндай көзқарасты бірнеше мәрте жоққа шығарған.

10 тамыз, дүйсенбі күні қабылданған жарлықта 11 негізгі екпе түрі ғана қалатыны айтылды. Бұған дейін америкалық балаларға вакцинаның 17-18 түрі салынатын.

Жалпы тізімнен В гепатиті, COVID-19 және тұмауға қарсы вакциналар түсіп қалды. Енді мұндай екпелер дәрігер мен ата-ана келісімімен ғана салынады. Қалған 11 екпе:

  • Қызылша (Measles);
  • Паротит (Mumps);
  • Қызамық (Rubella);
  • Көкжөтел (Pertussis/Whooping cough);
  • Сіріспе (Tetanus);
  • Дифтерия (Diphtheria);
  • Полиомиелит (Polio);
  • Желшешек (Varicella/Chickenpox);
  • Пневмококк инфекциясы (Pneumococcal disease);
  • b тұрпатты гемофильді инфекция (Hib)іріңді менингит пен пневмония тудыратын бактерия;
  • Адам папилломасы вирусы (HPV).

«Аутизмнен ада адамдар тобы бар. Олар екпе әуестенбейді. Сол себепті мұнда бір кілтипан бар», – деп мәлімдеді Трамп. Оның сөзін Reuters жариялады.

Алайда ғалымдар қауымы президент пен министр көзқарасын жоққа шығарып, екпе санын қысқарту болашақта күрделі қиындықтар тудыруы мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, Қазақстанда да 11 міндетті екпе түрі бар. Олар қауіпті жұқпалы аурулардан қорғайды.

Тақырыпқа орай: Конгода эбола індетімен күресіп жүрген дәрігерлер айлық алмаған

Сондай-ақ оқыңыз