«30 жыл өтсе де, жылуы жоғалмаған»: АБК тобы қайта бас қосып, ән айтты

Жарияланды 12 Тамыз 2026 10:33

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: видеодан скрин

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Қарақат Әбілдина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялап, аңызға айналған «АБК» тобының мүшелерін үйінде қонақ етті.

«АБК» тобына – 30 жыл

Әншінің айтуынша, топ мүшелерімен танысқанына және «АБК» тобының құрылғанына биыл тура 30 жыл толған.

«АБК-ның әндерімен студенттік шағым өтті. Оларды көрген сайын көз алдыма бал-бұл жайнаған 18 жасым келеді… Арман көп, уайым аз, көңіл алаңсыз кез. Қандай шақтар еді…» – деп ағынан жарылды Қарақат Әбілдина.

Өнер иелері Медеу Арынбаевтың марқұм келіншегі Айгүлді де еске алды. Қарақат онымен туған абысындай жақын араласқанын айтып, артында қалған ұл-қызына амандық тіледі.

АБК тобы – 1996 жылы қазақ эстрадасында пайда болған ең алғашқы әрі танымал трио. Топтың атауы мүшелерінің есімдерінің бас әріптерінен құралған: Медеу Арынбаев, Қыдырәлі Болманов және Ерлан Көкеев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қыдырәлі Болман денсаулығына байланысты уақытша сахнаға шықпайтынын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз