
Қазақ эстрадасының танымал әншісі Қарақат Әбілдина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялап, аңызға айналған «АБК» тобының мүшелерін үйінде қонақ етті.
«АБК» тобына – 30 жыл
Әншінің айтуынша, топ мүшелерімен танысқанына және «АБК» тобының құрылғанына биыл тура 30 жыл толған.
«АБК-ның әндерімен студенттік шағым өтті. Оларды көрген сайын көз алдыма бал-бұл жайнаған 18 жасым келеді… Арман көп, уайым аз, көңіл алаңсыз кез. Қандай шақтар еді…» – деп ағынан жарылды Қарақат Әбілдина.
Өнер иелері Медеу Арынбаевтың марқұм келіншегі Айгүлді де еске алды. Қарақат онымен туған абысындай жақын араласқанын айтып, артында қалған ұл-қызына амандық тіледі.
АБК тобы – 1996 жылы қазақ эстрадасында пайда болған ең алғашқы әрі танымал трио. Топтың атауы мүшелерінің есімдерінің бас әріптерінен құралған: Медеу Арынбаев, Қыдырәлі Болманов және Ерлан Көкеев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қыдырәлі Болман денсаулығына байланысты уақытша сахнаға шықпайтынын айтқан еді.