Армения жаңа АЭС салу бойынша бес елмен келіссөз жүргізуде

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Жителей в радиусе километра от казахстанской АЭС переселят
Армения жаңа АЭС салу бойынша бес елмен келіссөз жүргізуде / Фото: Shutterstock

Армения жаңа атом электр станциясын салу бойынша халықаралық серіктестермен келіссөздерді бастап кетті, деп хабарлайды Armenpress.

Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жақында жасаған мәлімдемесіне пікір білдірген «Азаматтық келісім» парламенттік фракциясының депутаты Арман Егоян мәлімдеді.

Оның айтуынша, жұмыс істеп тұрған Армян АЭС-ін пайдалану мерзімі станцияны физикалық пайдаланудың рұқсат етілген кезеңіне және тиісті техникалық әрі нормативтік құжаттарға сүйене отырып белгіленген. Егоян Армения жаңа атом электр станциясын салуды қарастырып жатқанын және бірқатар халықаралық серіктестермен келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.

Депутат 2017 жылы қол қойылған Армения мен Еуропалық одақ арасындағы жан-жақты және кеңейтілген серіктестік туралы келісімнің ережелеріне де жеке тоқталды. Оның сөзінше, бұл келісім қолданыстағы АЭС жұмысын тоқтату мерзімін белгілемейді, тек станцияның қазіргі пайдалану мерзімін көрсетеді және оны қуаты ұқсас басқа АЭС-пен ауыстыруды көздейді.

«Бұл мерзімді келісім бекітпейді. Мұндай мерзім бұрыннан бар болғандықтан, ол құжатта көрініс тапты. Бірақ сонымен бірге атом электр станциясы қуаты баламалы басқа станциямен ауыстырылуы тиіс екені де атап өтілді», – деді Егоян.

Депутаттың бұл мәлімдемесі Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің 11 тамыздағы сөзінен кейін жасалды. Әлиев TRPP жобасы аясында Армения территориясы арқылы электр беру желілерін салу бағдарламасы дайындалып жатқанын хабарлаған. Осыған байланысты ол Арменияның энергетикалық инфрақұрылымы болашақта баламалы көздерді талап ететінін, өйткені жұмыс істеп тұрған атом қуаттары «ерте ме, кеш пе жабылатынын» айтқан еді.

Бұған дейін Армения Мецамор АЭС-ін пайдалану мерзімін 2036 жылға дейін ұзартуды және параллельді түрде жаңа станция құрылысын дайындауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Жаңа нысан үшін модульдік құрылыс принципі таңдалғаны хабарланды.

Армян тарапының мәлімдемесіне сәйкес, жаңа АЭС салу бойынша келіссөздер бес мемлекетпен – АҚШ, Франция, Қытай, Ресей және Оңтүстік Кореямен жүргізілуде. Жаңа жобаны таңдау қолданыстағы станцияның жұмысы аяқталғаннан кейін де Арменияның энергетикалық балансында атом генерациясын сақтап қалудың ұзақ мерзімді шешімі ретінде қарастырылып отыр.

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталатыны мәлім болған.

Сондай-ақ оқыңыз