Астанада үстіне қақпа құлаған балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото ЖИ арқылы жасалған

Қазақстан футбол федерациясының орталығында 9 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы кұлап кетті. Астана полициясы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«9 жастағы баланың үстіне футбол қақпасының құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында бала жаттығу кезінде футбол қақпасына асылып, салдарынан конструкция оның үстіне құлағаны анықталды. Бала жарақат алды, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда» – деп жазылған полиция жауабында.

Оқыс оқиға 11 тамызда болды. Кешкі жетілерде футбол алаңында жүрген баланың үстіне қақпа құлап, ол жансақтау бөліміне түсті. Оқиғадан кейін Қазақстан футбол федерациясы ресми мәлімдеме жасап, орын алған жағдайға байланысты баланың отбасына қолдау білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз