Балқаш мыс балқыту зауытына 6,3 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Балқаш мыс балқыту зауытына 6,3 млн теңге айыппұл салынды
Балқаш мыс балқыту зауытына 6,3 млн теңге айыппұл салынды / фото: Қазақмыс

Балқаш мыс балқыту зауытында ауаны қорғау талаптарына қатысты тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде ауаны ластайтын шығарындылардың мөлшерден көбейіп кеткені анықталды. Кәсіпорынға 6 363 805 теңге айыппұл салынды.

«Kazakhmys Smelting» ЖШС-не жоспардан тыс тексеруді Қарағанды облысының экология департаменті жүргізді. Инспекторлар өндірістік нысандарды, технологиялық жабдықтарды, газ тазарту қондырғыларын және шығарынды көздерін қарап шықты.

Тексеру барысында мамандар аспаптық өлшеулер жасап, шығатын газдан сынамалар алды. Тексеру қорытындысы бойынша атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың рұқсат етілген нормаларынан асып кеткені анықталды.

Сонымен қатар, технологиялық жабдықтардың тиісті деңгейде жұмыс істемеуі салдарынан ауаны ластайтын шығарындылар тіркелді.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша кәсіпорынға заңнама талаптарына сәйкес шаралар қолданылды. Әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 6 363 805 теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыз