Биыл алғашқы алты айда кәсіпорындарда 727 жұмыскер зардап шекті

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша еліміздің кәсіпорындарында 727 жұмыскер зардап шеккен.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 24,5%-ға өсіп отыр.
Бұл ретте ауыр жарақат алған жұмыскерлер саны 409-дан 476 адамға дейін, яғни 16,4%-ға артқан.
Осыған орай, министрлік өндірісте жарақат алудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтіп жатыр.
Еңбек министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті еліміз бойынша 500 мыңнан астам жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды күшейту жөніндегі ұсынымдарын жолдады.
Айта кететін жайт, Қазақстанда 2025 жылы жұмыста 2 328 адам зардап шеккен, оның ішінде 184 адам қайтыс болған. Басым бөлігі ірі және орта кәсіпорындарда болған – 1 941 жағдай, шағын кәсіпорындарда 387 дерек тіркелген.