Бурабайда Көкшетау мен Бөлектау тауларына шығуға уақытша шектеу қойылды
Жарияланды

Күннің аптап ыстығына байланысты Бурабайдағы мемлекеттік орман қоры аумағында IV-V санаттағы жоғары өрт қаупі жарияланды. Осыған орай, 20 тамызға дейін курортты аймақтағы Көкшетау және Бөлектау тауларына шығуға уақытша тыйым салынды.
Бұл шешім келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман өрттерінің алдын алу мақсатында қабылданды.
«Өрт қаупі жоғары кезеңде құрғақ орман төсеніші мен өсімдіктер отқа аса сезімтал болады, ал қолайсыз ауа райы жағдайында оттың таралуы өте жылдам жүруі мүмкін», деп мәлімдеді «Бурабай» МҰТП.
Бұған дейін өрт қаупі жоғары кезеңде отшашу ұйымдастырғаны үшін Rixos Lake Borovoe қонақүйінің иесі мен пиротехниканы іске қосқан компания жауапқа тартылған еді.