Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік WTA рейтингінде 2-орында тұрған Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.
Ширек финалда Рыбакина жапониялық теннисші Наоми Осакамен (WTA: 13) кортқа шығып, тартысты үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 4:6, 7:6, 6:4.
Енді финалдың жолдамасы сарапқа салынатын кездесуде Елена америкалық Кори Гауффпен (WTA: 4) шеберлік байқасады.
Финалға дейінгі жол
Canadian Open-2026 турнирінде қазақстандық теннисші тартысты ойындар өткізіп келеді. Осыған дейінгі кезеңдерде Елена Рыбакина келесі қарсыластарын тізе бүктірді:
- 1-айналым: Дарья Касаткина (Австралия, WTA: 61) 6:3, 5:7, 6:4
- 2-айналым: Энн Ли (АҚШ, WTA: 31) 6:2, 7:5
- 3-айналым: Людмила Самсонова (Ресей, WTA: 55) 6:4, 4:6, 6:4
Биыл Торонтодағы турнирдің жалпы жүлде қоры 7 433 076 АҚШ долларын құрайды. Жеклей сын бойынша жарыс жеңімпазы атанған теннисші 1 085 220 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алып, өзінің қоржынына 1000 рейтингтік ұпай қосады.
Айта кетейік, егер Рыбакина бұл турнирді ұтатын болса, әлемнің бірінші ракеткасы атанады.