Хакер 15 млн қазақстандықтың жеке мәліметін даркнетте 32 мың долларға сатып жатыр

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Қазақстандағы ұялы байланыс операторлары алаяқтардың нөмірін бұғаттайды / фото: REUTERS
Киберқылмыскерлер стейблкоин саудасын Telegram арқылы жүргізген / фото: REUTERS

Хакер Қазақстанның 15 млн азаматының жеке мәліметтерін даркнетте саудалап жатыр. Бұл туралы Mash жазды.

Бір азамат құны 1 тиынға да жетпейді.

Мәліметтерге қарағанда, shymzz13 деген никпен тіркелген қолданушы файлды 0,5 биткоинға, яғни шамамен 32 мың долларға бағалаған. Хакер әр адамның жеке дерегін 1 тиынға де толмайтын сомаға – 0,99 тиынға саудалаған.

Салмағы 2,7 гигабайт болатын файлда 47 млн жол бар. Оған төлқұжат, телефон, пошта, жұмыс орны, құжаттар сканы және құпия сөздер туралы мәлімет кіреді.

«Сатушы базаны eGov мемлекеттік қызметін бұзу арқылы алғанын айтқан», – деп таратты Telegram-арна.

Ақпараттың қаншалықты рас-өтірігін тексеру мүмкін болмай отыр. Қазақстанның құзырлы мекемелері әзірге осыған қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

15 млн қазақстандықтың жеке мәліметі даркнетте сатылып жатыр
Mash даркнеттен бірнеше сурет жариялады / фото: Mash
15 млн қазақстандықтың жеке мәліметі даркнетте сатылып жатыр
Хакер мәліметті eGov-тан алдым дейді / фото: Mash

Жеке мәліметке кім қызығады

Айта кетейік, Қазақстан азаматтарының жеке деректері бұған дейін де бірнеше мәрте жарияланып кеткен. Тұрғындардың интернет алаяқтардың әрекетінен зардап шеккені туралы мәліметтер жиі ұшырасады.

Қазақ үкіметі бір күн бұрын ғана eGov порталының жаңа нұсқасы іске қосылғанын мәлімдеген.

Даркнет (Darknet – «жасырын немесе қараңғы желі») – бұл Google, Яндекс немесе Safari сияқты қарапайым браузерлер мен іздеу жүйелері арқылы табуға және ашуға болмайтын интернеттің арнайы шифрланған бөлігі.

Сондай-ақ оқыңыз