Колумбияда 36 сағат үйінді астында жатқан әйел тірі шықты

Колумбияның батысында 7,4 балдық жер сілкінісінен кейін үйінді астында 36 сағат жатқан 32 жастағы әйел тірідей құтқарылды.
ВВС ақпаратына қарағанда, әйелдің аты-жөні – Даниэла Ларго. Перейра қаласының тұрғыны. Оны құтқару операциясы 10 сағатқа созылған.
Құтқарушылар әйелдің астында жатқан төрт бетон тақтаның түбіне қазылған туннель арқылы әрең жеткен.
Колумбия президенті Абелардо де ла Эсприэлья әлеуметтік желідегі парақшасында оның құтқарылғанына қуанышын білдіріп, бұл жаңалықты «бізге үміт сыйлайтын жаңалық» деп атады.
Ларгоның анасы қызының «үйде 12 жастағы ұлы күтіп отырғанын» айтты.
Перейра қаласында кемінде 92 ғимарат қираған. Үйінділердің астында 15 адам қалып қойған, тағы 37 адам із-түзсіз жоғалған.
Ресми мәлімет бойынша, елде жер сілкінісінен кемінде 188 адам қаза тапқан, жүздеген адам із-түзсіз жоғалған. Перейра қаласында 79 адамның қаза болғаны расталды. Бұл көрсеткіш Кали қаласынан кейінгі екінші орында. Калида 95 адам қаза тапқан.