Өскемен тұрғыны бөтен көлікті 35 мың теңгеге металлоломға өткізген

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Из СКО в Россию пытались незаконно вывезти семь вагонов черного металла
Өскемен тұрғыны бөтен көлікті 35 мың теңгеге металлоломға өткізген / Фото: Shutterstock

Өскеменнің 25 жастағы тұрғыны бірнеше құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Ол екі автокөлікті заңсыз иемденіп, көлікті есірткіге мас болып жүргізген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Eр адам тұрғын үй ауласында ұзақ уақыт тұрған Mazda Cronos көлігін байқап қалған. Ол мобильді қосымша арқылы эвакуатор шақырып, бөтен көлікті металл қабылдау пунктіне өткізген. Бұл үшін өскемендік 35 мың теңге алған.

Кейін сол ер адам қонақта болған кезде үй иесінің рұқсатынсыз Lada 21703 көлігінің кілтін алып, көлікпен кетіп қалған.

«Күдіктінің бұған дейін көлік құралдарын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Патрульдік полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан кезде медициналық куәландыру оның есірткіге мас күйде болғанын растады – ағзасынан каннабиноидтар анықталды», – деп хабарлады полиция.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз