Павлодарда сәбиін 100 мың теңгеге сатқан жас ана ұсталды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Павлодарда сәбиін 100 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
Павлодарда сәбиін 100 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды \ фото: shutterstock

Павлодарда материалдық қиындықтарға байланысты жаңадан дүниеге келген сәбиін сатпақ болған 24 жастағы ана ұсталды. Анықталғандай ол Түркістан облысының тумасы болып шықты.

Прокуратура мәліметінше, ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде хабарландыру жариялап, қызын бір адамға 800 мың теңгеге сатуға келіскен.

Наурыздың 28-і күні әйел Павлодар облыстық перинаталдық орталығында денсаулығы сау қыз баланы дүниеге әкелді. Ол кезде құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын бастап кеткен болатын.

Наурыздың 31-інде әйел жаңа туған сәбиді медициналық құжаттарымен қоса қызды сатып аламын деген адамға беріп, 100 мың теңге алған. Алайда ақшаны құқық қорғау органдары алдын ала дайындап қойған. Кейін ол ұсталды.

Сот әйелді кәмелетке толмағандарды саудалау қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда жазаны орындау мерзімі 5 жылға кейінге шегерілді.

Бұған дейін Өзбекстанда бала сатқан медбике 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз