Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Жарияланды

Қырғызстанда магнитудасы 5,4-ке жеткен жер сілкінісі тіркелді. Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, жер асты дүмпулерінің ошағы Ақ-Тұз ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым, Бішкектен 117 шақырым жерде орналасқан.
Ақ-Чий және Чолпон ауылдарында 4 балл, Кочкор және Куйручук ауылдарында 3 балл, Бішкек қаласында 2,5 балл жер сілкінісі сезілген.
Алматы тұрғындары да жердің шайқалғанын сезіп, әлеуметтік желілерде жаза бастады. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл ақпаратты растады. Ресми мәлімет бойынша, Алматыда жер сілкінісінің сезілу қуаты 2 баллды құрады.
Оқи отырыңыз: Қырғызстанда бір күнде 3 жер сілкінісі болды