Алматыда жаңа базар ашылады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Бостандық ауданында жаңғыртылған алғашқы коммуналдық базарды ашу жоспарланып отыр.

Ведомствоның мәліметінше, базар «Қазақфильм» шағынауданында орналасады. Сауда орны шамамен 100 сауда орнына есептелген.

Қазір нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары мен аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталып келеді.

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, базар Алматының дизайн-кодына сәйкес бірыңғай стильде безендіріледі. Мұнда жабық және ашық сауда орындары, қоғамдық тамақтану орындары, санитарлық тораптар, автотұрақ, аялдама кешені және қоғамдық кеңістіктер қарастырылған.

Фото: Алматы әкімдігі

Жабық бөлікте отандық тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Ал ашық алаңда фермерлер қатысатын демалыс күнгі жәрмеңкелер ұйымдастырыла береді. Нысанды жаңғырту жұмыстары жеке инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылуда. Бұл ретте, базардың әлеуметтік бағыты сақталады, делінген хабарламада.

Еске салайық, шілде айының басында бірнеше күн жауған жаңбырдан Төле би көшесі бойында орналасқан «Тастақ» құрылыс базарын су басқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз