14 тамызда алты облыста ауа температурасы 40 градустан жоғары болады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Ертең алты облыста 41 градус ыстық болады
фото: Фото: Shutterstock

14 тамызда еліміздің алты облысы мен Шымкент қаласында ауа температурасы 40 градустан жоғары көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында күндіз ауа +40…+41 градусқа дейін ысиды. Дәл осындай температура Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарының оңтүстігінде де болады.

Түркістан облысында сынап бағанасы +40…+44 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте +40…+42 градус, Түркістанда +40…+43 градус ыстық болатыны болжанып отыр.

15 тамызда да Қазақстанның оңтүстігінде күн тұрақты түрде ыстық болады. Күндіз ауа температурасы +37…+42 °C-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

Сонымен бірге елдің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталып отыр. Әсіресе, Түркістан облысында, Шымкент пен Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталып тұр.

Сондай-ақ оқыңыз