Астана мен Құлжа арасында жаңа тікелей рейс ашылады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Астана мен Құлжа арасында жаңа тікелей рейс ашылады/фото: Unsplash

FlyArystan әуе компаниясы Қытай бағытындағы халықаралық маршруттар желісін кеңейтті. Астана – Құлжа (Инин) – Астана бағыты бойынша жаңа тікелей рейсі ашылды. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Әуе компаниясының мәліметінше, алғашқы рейс 2026 жылдың 28 қазанында орындалады. Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері жүргізіледі.

«Астанадан ұшу жергілікті уақыт бойынша 07:55-ке жоспарланған, Ининге 13:20-да қонады. Кері рейс Ининнен 15:20-да ұшып, Астанаға жергілікті уақыт бойынша 14:50-де келеді», – деп хабарлайды компания.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың мамыр айында әуе компаниясы Алматы – Инин (Құлжа) бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашқан болатын. Алғашқы жылы бұл бағыт тұрақты сұранысқа ие екенін көрсетіп, 2026 жылы ондағы рейс жиілігі аптасына төрт рет орындала бастады.

Айта кетерлігі барлық рейске билеттерді FlyArystan ресми сайтынан және мобильді қосымшасынан алуға болады.

Бұған дейін Қазақстан мен Қытай бірлескен әуе компаниясын құруды көздеп отырғаны белгілі болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз