Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық әлем чемпионымен жұдырықтасады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: instagram

Танымал актер, блогер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар қайтадан рингке оралады. Бұл жолы ол кәсіби бокс ережесі бойынша екінші орта салмақта өзбекстандық спортшы Бобиржон «Испанчик» Исроиловпен кездеседі, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жекпе-жек INTERNATIONAL BOXING DAY турнирі аясында өтеді. Артём Тарасовпен болған атышулы жекпе-жектен кейін Еркебұлан Тоқтардың шаршы алаңға оралуын жанкүйерлер асыға күткен еді.

«Испанчик» деген кім?

Еркебұланның бұл жолғы қарсыласы да осал емес. Өзбекстандық Бобиржон Исроилов муай-тайдан әлем чемпионы. Сондықтан бұл жекпе-жек екі түрлі мектеп пен мінездің тартысы болмақ. Кездесу толығымен кәсіби бокс ережелері бойынша өтетіндіктен, қос тарапқа да соққы техникасы мен шыдамдылыққа арқа сүйеуге тура келеді.

Жекпе-жек 28 тамыз күні Астанадағы Ж. Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтеді. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шықты.

Оқи отырыңыз: Еркебұлан Тоқтар неге екі гелик алғанын түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыз