ІІМ жеке мәліметтер сатылып жатыр деп айтқан адамды іздестіріп жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Линейцев в приемнике: МВД ответило на слухи о «домашнем» наказании для миллионера
фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігі даркнетте қазақстандықтардың жеке деректері сатылып жатыр деген ақпаратқа қатысты ресми жауап берді. Ел ішінде шу тудырған хабарламаны полиция өкілдері тексерген, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ведомство дерегінше, тексеріс нәтижесінде eGov порталына ешқандай хакерлік шабуыл жасалмағаны және заңсыз кіру фактілері тіркелмегені белгілі болды. Жүйе қауіпсіз істеп тұр.

Енді жеке деректерді сату туралы хабарландыруды кімнің орналастырғаны, ақпараттың қайдан алынғаны және бұл заңсыз әрекетке қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр.

«Барлық қатысы бар тұлғаны анықтау үшін қажетті шаралардың бәрі қабылданады. Ешкім жауапкершіліктен жалтара алмайды. Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында», – деп жазылған хабарламада.

12 тамызда телеграм арналарда хакер 15 млн қазақстандықтың жеке мәліметін даркнетте 32 мың долларға сатып жатыр деген ақпарат тарады. Мәліметтерге қарағанда, shymzz13 деген никпен тіркелген қолданушы файлды 0,5 биткоинға, яғни шамамен 32 мың долларға бағалаған. Хакер әр адамның жеке дерегін 1 тиынға де толмайтын сомаға – 0,99 тиынға саудалаған.





Сондай-ақ оқыңыз