«Ордабасы» трансферлерді бағалау кезінде ChatGPT қолданады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
instagram.com/fc__ordabasy, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Шымкенттік «Ордабасы» клубы жаңа ойыншыларын талдау кезінде жасанды интеллектті пайдаланады. Бұл туралы клубтың тең иесі Бейбіт Әлібеков «Бизнес-Ниндзя подкастында мәлім етті.

Әлібеков жасанды интеллект көмегіне жиі жүгіне бермейтінін айтқан. Алайда жұмысының барлығын автоматтандырып отыруға болатын ЖИ-ассистент алу идеясы жақсы екенін жеткізді.

Оның сөзінше, клубта арнайы футболдық-аналитикалық платформалармен қатар, футболшылар туралы қосымша ақпарат алу үшін кейде ChatGPT көмегіне де жүгінеді.

«Қазір трансферлерді қарастыру кезінде жасанды интеллектіні қолданамыз. Жаттықтырушылар штабында ойыншыларды талдауға арналған кәсіби бағдарламалар бар. Бірақ кейде ақпаратты ChatGPT-ге, Сlaude-қа жүктеп, «футболшыға не жетіспейді, ол біздің командаға қаншалықты сәйкес келеді және тез бейімделе ала ма?» дегендей өте егжей-тегжейлі сараптама аламыз», – деді Әлібеков.

Функционердің атап өтуінше, заманауи технологиялар дәстүрлі селекциялық жұмыстарға маңызды қосымша құралға айналып, клубқа трансфер нарығында неғұрлым салмақты шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Қазақстан Премьер-лигасының 21-турынан кейін «Ордабасы» 49 ұпаймен чемпионат көшін бастап тұр. Шымкенттік клуб келесі матчын 15 тамызда өз алаңында «Алтайға» қарсы өткізеді. 19-тур аясында өткен матчта алматылық «Қайраттан» 2:1 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ оқыңыз