Қайрат-Ұлытау матчы көрерменсіз өтеді
Жарияланды

Қайрат-Ұлытау матчы көрермінсіз яғни жабық режимде өтеді. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Алдағы өз алаңымыздағы Премьер-лиганың 9-тур матчы 15 тамыз күні сағат 18:00-де Т. С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК Академиясының алаңында өтеді. Матчтың өту орны Орталық стадионда концерттен кейін демонтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты өзгертілді», – делінген клуб хабарламасында.
Инфрақұрылымдық шектеу мен трибуналардың сыйымдылығы төмен болуына байланысты матч жабық режимде болады.
Матчтың трансляциясы Кинопоиск қосымшасы мен KFF League YouTube арнасында көрсетіледі.
Айта кетейік, «Қайрат» Түркістанда болгариялық «Левски» футбол клубынан жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды.