Шарында тазқараға сақина салынып, GPS трекер орнатылды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Қара тасқара
Тазқара балапаны / фото: Қазақ орманы

Шарын ұлттық паркінде қара тазқараға алғаш рет GPS/GSM трекері орнатылды. Жыртқыш құстың осы түрі Қазақстанда ерекше қорғалады.

«Қазақ орманы» мекемесінің мәліметінше, ұлттық парк қызметкерлері 25 шілдеде тазқара ұясына көтерілген. Олар қара тазқара балапанына алғаш рет сақина салып, GPS/GSM трекерін орнатқан.

«Құрылғы құстың қозғалысын, қоныс аудару бағыттары мен қыстайтын аумақтарын бақылауға мүмкіндік береді», – деп есептейді табиғат жанашырлары.

Қара тазқара
Жыртқыш құсқа орнатылған трекер / фото: Қазақ орманы

Жұмыс Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы (BRCC) мен Ресейдің қауырсынды жыртқыштарды зерттеу және қорғау желісі (RRRCN) орнитологтарының қатысуымен жүргізілді.

Қазақстанда тазқараларды GPS/GSM-трекерлер арқылы белгілеу бағдарламасы 2024 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Қазір елде сегіз құс белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында тауға көтерілген туристер үш қар барысымен бетпе-бет кездесіп қалған. Ал шілде айында Шарында сүзіскен екі қарақұйрық экологтар назарына іліккен.

Тақырыпқа орай: Қарағайға қасынған қоңыр аюдың бейқам тіршілігі экологтарды сүйсіндірді (видео) 

Сондай-ақ оқыңыз