Соғысып жатқан елдер Eurovision-ды қабылдай алмайды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Eurovision

«Евровидение» ұйымдастырушылары байқау ережелеріне біршама маңызды өзгерістер енгізді. Байқауда жеңген елде соғыс болса немесе геосаяси жағдай күрделенсе, ол елде ән байқауы өтпейді. Бұл туралы DW жазады.

«Енді байқауда жеңіске жеткен елде соғыс өрті тұтанып жатса немесе геологиялық-саяси жағдай өте күрделі болса, ол ел автоматты түрде келесі «Евровиденияны» өз жерінде өткізу құқығынан айырылады. EBU арнайы тәуелсіз тексеріс ұйымдастырып, жеңімпаз елдің хабар таратушы компаниясы шоуды қауіпсіз өткізе ала ма, жоқ па – соны анықтайды. Егер тәуекел жоғары болса, ұйымдастыру құқығы басқа, қауіпсіз елге беріледі», – деп жазылған ұйымдастырушылар хабарламасында.

Сондай-ақ сахнадағы фонограмма мен жазылған дыбыстарды пайдалану ережесі нақтыланды. Фондық музыкалық сүйемелдеуге рұқсат етілгенімен, негізгі вокал тек жанды дауыста орындалуға тиіс. Жазылған аудио әншінің орнына шырқалып немесе оның дауысын тым қатты басып кетпеуі керек.

Сахнаға шығатын әншілердің жас мөлшері де өзгерді. Бұрын 16 жасқа толғандар қатыса алса, енді алғашқы репетиция күніне қарай әртістің жасы кемінде 18-де болуы шарт. Бұл шешім жас өнерпаздарды үлкен сахнаның психологиялық қысымынан қорғау үшін қабылданған.

Жаңа ережелер 2027 жылы Болгарияда өтетін байқауда толық күшіне енеді. Еске салсақ, биыл мамыр айында өткен «Евровидениеде» Болгария атынан шыққан Dara есімді әнші «Bangaranga» әнімен жеңіске жеткен.

Оқи отырыңыз: Израильмен бір сахнаға шықпайды: төрт ел Eurovision-ге бойкот жариялады

Сондай-ақ оқыңыз