Степногорскіде ішінде жолаушылары бар автобус өртенді
Жарияланды

Ақмола облысының Степногорск қаласында бағыттық автобус өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, автобус ішінен 10 адам өздігінен эвакуацияланған, зардап шеккендер жоқ.
Өрттің аумағы 10 шаршы метрді құрады. Жалын автобус салонына жылдам тараған. Сонымен қатар, көлікте газ баллонды жабдықтың (ГБЖ) болуы жағдайды одан әрі күрделендіре түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар газ баллонын салқындатып, өрттің одан әрі ұлғаюына жол бермей, тілсіз жауды толығымен жойды.
ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажеттігін тағы да ескертеді.
Айта кетейік, осыған дейін Батыс Қазақстан облысында жолаушы автобусы жүріп бара жатқан уақытта өртенгенін жазған едік.