Зиданның ежелгі досы Фабиен Бартез Франция құрамасының бапкерлер штабына келеді

Фабьен Бартез Франция құрамасының қақпашыларын жаттықтырады. Ол бұған дейін қақпашылармен жұмыс істеген, деп хабарлайды Kursiv.Media.
L’Equipe басылымының ақпаратынша, Әлем және Еуропа чемпионы Фабьен Бартез Франция құрамасы қақпашыларының бапкері болмақ.
Зидан 28 шілдеде құрама тізгінін ұстады. Оның келісімшарты 2030 жылғы әлем чемпионатының соңына дейін жарамды.
Құрама штабына сондай-ақ Давид Беттони, Хамиду Мсаиди, Грегори Дюпон, Стефан Планк, Фарид Табет және Клеман Ибер кірді.
Бартез 55 жаста. Ол ұлттық құрама сапында 1994-2006 жылдары өнер көрсетіп, 1998 жылғы әлем чемпионы атануға, 2006 жылғы финалға шығуға, Евро-2000 мен Конфедерациялар кубогын (2003) жеңіп алуға көмектесті.
Бартез 2010-2012 жылдары құраманың қақпашыларымен жұмыс істеді. Сонымен қатар 2020-2021 жылдары «Тулуза» клубында голкиперлерді жаттықтырды. Франция құрамасының алдағы матчы 25 қыркүйекте Ұлттар лигасында Түркияға қарсы өтеді деп жоспарланған.
Айта кететін жайт, биылғы Әлем чемпионатында Франция құрамасы төртінші орынды місе тұтты.