Қазақстанда қай банк басшысы қызметінде ұзақ отыр

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Екінші деңгейлі банктердің басқарма төрағалары / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстандағы банктердің бірінде басқарма төрағасы бір ай бұрын ғана қызметіне кіріссе, енді бірі сол қызметте 17 жылдан астам уақыт отыр. Банк секторындағы 23 ұйымның бірінші басшыларын салыстырып қарайтын болсақ, тек еңбек өтілі ғана емес, гендерлік құрамы мен менеджерлердің қай елден келгені жайлы да айырмашылық байқалады.

Kursiv.Media Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қазіргі басшыларын және олардың қызметке кіріскен уақытын салыстырды.

Қазақстан банктерін кім басқарады?

Басшылық қызметте ең ұзақ отырғаннан бастап

01
Үміт Шаяхметова
Шаяхметова Ү.
Halyk Bank
Қызметке кірісті 2009 жылғы қаңтар 17 жыл 7 ай
02
Дмитрий Забелло
Забелло Д.
VTB Bank Kazakhstan
Қызметке кірісті 2015 жылғы қараша 10 жыл 9 ай
03
Ләззат Ибрагимова
Ибрагимова Л.
Отбасы банк
Қызметке кірісті 2017 жылғы ақпан 9 жыл 6 ай
04
Гордон Хаскинс
Хаскинс Г.
ADCB Ислам Банкі
Қызметке кірісті 2017 жылғы ақпан 9 жыл 6 ай
05
Наталья Акентьева
Акентьева Н.
Bank RBK
Қызметке кірісті 2018 жылғы ақпан 8 жыл 6 ай
06
Гүлфайруз Асаева
Асаева Г.
Zaman Bank
Қызметке кірісті 2018 жылғы наурыз 8 жыл 5 ай
07
Павел Миронов
Миронов П.
Kaspi Bank
Қызметке кірісті 2018 жылғы қараша 7 жыл 9 ай
08
Гүлфайруз Ахметова
Ахметова Г.
Freedom Bank
Қызметке кірісті 2020 жылғы желтоқсан 5 жыл 8 ай
09
Чжо Ёнг Ын
Чжо Ё.
Shinhan Bank
Қызметке кірісті 2021 жылдан 5 жылдан астам
10
Сәуле Жақаева
Жақаева С.
Citibank Kazakhstan
Қызметке кірісті 2021 жылғы қыркүйек 4 жыл 11 ай
11
Руслан Владимиров
Владимиров Р.
Банк ЦентрКредит
Қызметке кірісті 2022 жылғы қазан 3 жыл 10 ай
12
Ләззат Сатиева
Сатиева Л.
Еуразиялық банк
Қызметке кірісті 2022 жылғы қазан 3 жыл 10 ай
13
Андрей Тимченко
Тимченко А.
Bereke Bank
Қызметке кірісті 2022 жылғы қараша 3 жыл 9 ай
14
Люй Хунхай
Люй Х.
ICBC Almaty
Қызметке кірісті 2024 жылғы қыркүйек 1 жыл 11 ай
15
Талғат Қуанышев
Қуанышев Т.
ForteBank
Қызметке кірісті 2024 жылғы желтоқсан 1 жыл 8 ай
16
Саваш Зорлу
Зорлу С.
KZI Bank
Қызметке кірісті 2025 жылғы мамыр 1 жыл 3 ай
17
Мұрат Байсынов
Байсынов М.
Altyn Bank
Қызметке кірісті 2025 жылғы маусым 1 жыл 2 ай
18
Ким Сонгхен
Ким С.
BNK Commercial Bank
Қызметке кірісті 2025 жылғы маусым 1 жыл 2 ай
19
Шалқар Жүсіпов
Жүсіпов Ш.
KMF Bank
Қызметке кірісті 2025 жылғы тамыз 1 жыл
20
Шолпан Нурумбет
Нурумбет Ш.
Home Credit Bank
Қызметке кірісті 2025 жылғы желтоқсан 7 ай
21
Хоу Юаньмин
Хоу Ю.
Bank of China Kazakhstan
Қызметке кірісті 2026 жылғы ақпан 6 ай
22
Ануар Қуандықов
Қуандықов А.
Alatau City Bank
Қызметке кірісті 2026 жылғы 1 шілде 1 ай
23
Нұрбек Толымбеков
Толымбеков Н.
Nurbank
Қызметке кірісті 2026 жылғы 28 шілде 17 күн

Әр үшінші банк басшысы – әйел

23 банк басшысының 8-і – әйел, 15-і – ер адам. Яғни әйелдердің үлесі шамамен 34,8%, ал ерлердің үлесі 65,2%.

Әйелдер басқаратын банктердің қатарында Halyk Bank, Отбасы банк, Еуразиялық банк, Bank RBK, Freedom Bank, Zaman Bank, Home Credit Bank және Citibank Kazakhstan бар.

Олардың ішінде Үміт Шаяхметова банк секторындағы ең тәжірибелі басшылардың бірі ғана емес, қазіргі қызметінде ең ұзақ отырған менеджер. Halyk Bank-тің ресми дерегіне сәйкес, ол банкті 2009 жылдың қаңтарынан бері басқарып келеді.

Қайрды ұйымы басшыларының орташа жасы қандай?

Банк басшыларының жасы туралы ақпарат барлық қаржы ұйымында бірдей ашық жарияланбайды. Сондықтан туған күні ашық дереккөздерде көрсетілген 11 басшыны жеке есептегенде, олардың орташа жасы шамамен 53,5 жас, яғни 54 жасқа жуықтайды.

Бұл көрсеткіш банк басқаруында тәжірибенің әлі де маңызды фактор екенін байқатады. Басшылардың едәуір бөлігі қаржы секторында ондаған жыл жұмыс істеп, басқарма төрағалығына дейін банк ішіндегі бірнеше басқарушылық деңгейден өткен.

Шаяхметова көш бастап тұр

Қазіргі қызметте отыру ұзақтығы бойынша Үміт Шаяхметова өзгелерден айқын алда. 2026 жылғы тамызда оның Halyk Bank басқарма төрағасы болғанына 17 жыл 7 айға жуықтады.

Одан кейін VTB Bank Kazakhstan басшысы Дмитрий Забелло тұр. Ол қазақстандық банкті 2015 жылғы 30 қарашадан бері басқарады, яғни қызметінде 10 жылдан астам уақыт отыр.

Ал Ләззат Ибрагимова Отбасы банкті 2017 жылғы ақпаннан бері басқарып отыр. Банктің ресми профилінде оның туған күнімен бірге азаматтығы – Қазақстан Республикасы екені де тікелей көрсетілген.

Bank RBK басшысы Наталья Акентьева да басшылықта ұзақ отырғандардың қатарында. Ол банкті 2018 жылдан бері басқарады. Forbes Kazakhstan-ның 2026 жылғы материалында оның жасы 52 деп көрсеткен.

Қазақстандық банктерді шетелдік менеджерлер де басқарады

23 банктің бәрі бірдей басшысының азаматтығын ресми сайтында жарияламайды. Сондықтан азаматтық бойынша нақты пайыздық үлес шығару мүмкін емес.

Дегенмен Қазақстан нарығында халықаралық банк топтарынан келген менеджерлердің үлесі анық байқалады. Мысалы, Bank of China Kazakhstan-ның ресми сайтында басқармадағы қытайлық және қазақстандық менеджерлердің азаматтығы жеке көрсетіледі. Банктің қазақстандық нұсқасында бірінші басшы міндетін атқарушы Ли Инцайдың азаматтығы ҚХР деп жазылған.

KZI Bank басшысы Саваш Зорлу еңбек жолының басым бөлігін Түркиядағы AKBANK, Fortis Bank, Garanti Bank және Ziraat Bank жүйесінде өткізген.

Shinhan Bank Kazakhstan мен BNK Commercial Bank-ті Оңтүстік Кореяның банк секторынан келген менеджерлер басқарады. Электрондық үкіметтің банк секторына арналған дерегінде Shinhan басшысы ретінде Чжо Ёнг Ын, ал BNK Commercial Bank басшысы ретінде Ким Сонг Хён көрсетілген.

Бұл ерекшелік әсіресе шетелдік қаржы топтарының Қазақстандағы еншілес банктерінде байқалады: бас компания өз менеджерін Қазақстандағы бизнесті басқаруға жібереді.

Банк секторындағы басқару моделі әркелкі

Жалпы картина банк секторындағы басқару моделінің әркелкі екенін көрсетеді. Halyk Bank, VTB, Отбасы банк, Bank RBK сияқты ұйымдарда басшылар жылдар бойы өзгермей, ұзақ мерзімді басқару қалыптасқан.

Ал соңғы екі жылда бірқатар банкте жаңа басшылар келді. ForteBank-ті Талғат Қуанышев 2024 жылдың соңынан басқарады. Altyn Bank-те Мұрат Байсынов 2025 жылғы 2 маусымда төраға болды. KMF Bank пен KZI Bank-те де басшылық жаңарды.

Тағы да оқыңыз →
Қазақстандағы ең ірі 20 микроқаржы ұйымы (Инфографика)
Сондай-ақ оқыңыз