Алматыны электрмен жабдықтау қалпына келтірілді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыны электрмен жабдықтау қалпына келтірілді / Фото: Shutterstock

Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kursiv.Media «Алатау Жарық Компаниясына сілтеме жасай отырып..

«Энергожүйенің жұмыс режимі тұрақтанғаннан және электрмен жабдықтау қалпына келтірілгеннен кейін бұрын жарияланған ЖҮАЖ (жүктемені апаттық өшірудің арнайы автоматикасы) режимі жойылды. Сағат 19:00-де Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеулер толықтай алынып тасталды. Қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жедел-шығу бригадалары қосалқы станцияларды аралап, электр желілеріндегі жүктемені тексеруде», – деп хабарлады қала әкімдігі.

Айта кетейік, 14 тамыз сағат 14:38-де Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, электр қуатының жаппай өшуіне Орталық Азияның энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруі себеп болған.

Осының салдарынан метро жолдың бойында тоқтап қалып, жолаушылар шахтадан жаяу шыққан еді

Сондай-ақ оқыңыз