Дастан Сәтбаев «Стэмфорд Бридж» стадионындағы алғашқы матчын өткізуі мүмкін

Лондондық «Челсидің» қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтбаев 15 тамыз күні команданың өз алаңы «Стэмфорд Бридж» стадионындағы алғашқы ойынына шығуы мүмкін, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Осы сенбіде «Челси» жаңа маусымға дайындық аясындағы соңғы жолдастық кездесуін испаниялық «Реал Сосьедад» клубына қарсы өткізеді. Лондон қаласында өтетін бәсеке Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады.
Маусымашар алдындағы дайындық кезеңінде Дастан Сәтбаев «Челси» сапында 4 матчқа қатысып, алаңда жалпы 111 минут өнер көрсетті. Осындай аз уақыт ішінде де отандық футболшы өзін көрсете білді, ол австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы өткен нәтижелі матчта (6:4) командасының жеңісіне үлес қосып, дебюттік голын соқты.
Еске сала кетейік, 12 тамыз күні Дастан 18 жасқа толып, артынша «Челсидің» ресми тізіміне енген еді.