Доллар арзандап жатыр: 14 тамыздағы теңге бағамы қандай

Жарияланды 14 Тамыз 2026 09:16

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Доллар бағамы қандай / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

14 тамызда Қазақстан Ұлттық банкі АҚШ долларының ресми бағамын 465,08 теңге деп белгіледі. Бір күн бұрын ресми бағам 465,19 теңге болған. Осылайша теңге долларға шаққанда тағы 11 тиынға нығайды, деп жазады Kursiv.Media.

Бұған дейін, 13 тамыздағы KASE саудасында доллардың орташа өлшенген бағамы 465,08 теңге болды. Кешкі 17:00-дегі бағам 465,04 теңгені, ал жабылу бағасы 465 теңгені құрады. Бір күн ішінде доллар 464,25-465,75 теңге аралығында саудаланды. Сауда көлемі шамамен 313,9 млн доллар болды.

Теңге соңғы аптада айтарлықтай нығайды. Мәселен, 7 тамызда KASE-дегі доллардың орташа бағамы 469,93 теңге болған. Содан бері америкалық валюта 4,85 теңгеге немесе шамамен 1%-ға арзандады.

АЛМАТЫДАҒЫ БАҒАМ

Валюта айырбастау бағамы

Онлайн
Валюта Сатып алу Сату
$ USD АҚШ доллары
465,1
467,7
EUR Еуро
533,5
538,5
RUB Ресей рублі
5,35
5,47
¥ CNY Қытай юані
69,1
71,5
НАРЫҚТАҒЫ БАҒАМ

Биржадағы доллар бағамы

USD/KZT
USD/KZT · нарықтағы соңғы қолжетімді баға
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

14 тамызға белгіленген ресми бағам бойынша 1 еуро – 536,52 теңге, 1 Ресей рублі – 5,56 теңге, 1 Қытай юані – 68,97 теңге.

Айта кетейік, 14 тамыздағы KASE саудасы әлі басталған жоқ: USD/KZT бойынша негізгі T+0 сауда сессиясы Алматы уақытымен 10:15–15:30 аралығында өтеді. Сондықтан бүгінгі жаңа биржалық бағам күндіз белгілі болады.

Сондай-ақ оқыңыз