Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің финалында есе жіберді
Жарияланды

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 2-ші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA турнирінің шешуші матчында өнер көрсетті, деп жазады Kursiv.Media.
Ақтық мәреде Рыбакина Польша өкілі, әлемдік рейтингте 8-орында тұрған Ига Швентекпен кортқа шықты. Рыбакина қарсыласына екі сетте де жол берді – 2:6, 3:6.
Осылайша, Ига Швентек Canadian Open-2026 турнирінің чемпионы атанды, ал Елена Рыбакина осы маусымдағы үшінші титулын бағындыру мүмкіндігінен айырылып қалды.
Еске сала кетейік, отандық теннисшіміз биыл Australian Open мен Штутгарттағы (Германия) турнирде топ жарған болатын.